17.02.2025
6 ақпанда «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылық колледж» КМҚК ішінде әлеуметтік педагогы «Шылым шегудің алдын алу. Шылым шегудің әлеуметтік салдары» тақырыбында әңгіме өткізді. Темекінің денсаулыққа зиян екенін бұрыннан білеміз. Соңғы жылдары барлық өркениетті елдерде темекі шегуден бас тарту белсенді насихатталуда. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі күні өз денсаулығыңды құрту – сәнге сай емес! Әңгіме барысында темекі шегуге қарсы күрестің өзекті мәселелері қозғалды. Студенттер никотиндік тәуелділіктің негізгі зиянды себептерін және темекі шегетін адамды қандай белгілерден анықтауға болатынын талқылады. Әңгіменің соңында білім алушылар өздері үшін белгілі бір қорытындылар жасады. Өзгеретін уақыт келді, денсаулығымызға және айналамыздағы адамдардың денсаулығына қамқорлық жасайтын кез! Салауатты болу – сәнді!

